Adaldyq alańy

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

 Мәдениет және спорт министрлігінің “Adaldyq alańy” жобалық кеңсесі ҚР “САЛТАНАТ”мемлекеттік би ансамблінде кеңес өткізді.

Бүгін, 2021 жылдың 6 мамырында ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің жетекшісі – Марат Болысбекұлы Қамзолдаев ұжыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.


Кеңеске ансамбльдің көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Г.А. Орумбаева, ансамбль директоры М. д. Закиров, концерттік қызмет жөніндегі директордың орынбасары, ансамбльдің “Adaldyq alańy” төрағасы Б. С. Нұрмұхова, ансамбльдің әкімшілік-басқару персоналының, сондай-ақ шығармашылық құрамы мен өндірістік бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Марат Қамзолдаев сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстармен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістемелерімен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен егжей-тегжейлі таныстырды. Ол ансамбль қызметкерлерін мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерін азайтуға, ұйым қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге белсенді қатысуға шақырды.


Сондай-ақ, жобалық кеңсенің басшысы Марат Болысбекұлы “Салтанат” би ансамблінің ұжымын Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңымен егжей-тегжейлі таныстырып, біздің ұжымда құрылған “Adaldyq alańy” профилактикалық қызметінің алдағы істерінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі жұмыста табыс тіледі.

Салтанат “би ансамблінің баспасөз хатшысы»
Кәкімова Назгүл Санатқызы.

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан