2019 жылы 12-ші қараша күні Алматы қаласы

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

 «Танец – это способ достичь красоты, владеть каждым мускулом и направлять его к счастью»

Морис Бежар 

2019 жылы 12-ші қараша күні Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының сахнасында сағат19-00-де, Жастар жылы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.

«Салтанат» ансамблінің жыл сайынғы концерттері, Астана және Алматы қалаларында, жаңа бағдарламамен өтіп, екі қаланың тұрғындары мен қонақтары алдында үлкен табысқа ие болады. Шетелдік көрермендер мен сыншылар: ««Салтанат» би ансамблінің концертін тамашалау – бөтен елге барып, оның халқымен танысумен бірдей» – деген баға берді. «Салтанаттың» өнері – «нағыз халықтық» өнері. Онда дәстүр мен тарихтың тереңдігі, қазіргі заманның бояуы бар.   

Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Азамат Асқаров, Раушан Кундукова, Сұңкар Болат, Дінмұхаммед Кахарбеков, Аида Ажмағамбетова, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Лаура Үркінбаева, Ержан Сарманов, Ғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Денис Витченко өнерлерін көрсете отырып Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы Халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері – Ернұр Қарықболдың өнерін тамашалайсыздар.

Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.

Гүлсәуле Орумбаева – ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері:

«2019 жыл Қазақстандағы Жастар жылы деп жариаланды. Бұл жастардың саясаты дамуына жаңа мүмкіншілдік. Біздің ансамблде талантты жастар көп және де біз әрқашан жастардың әр бастауларын, идеяларын құптаймыз. Осы жылының маусым айында біздің ансамбль Жастар жылына орай Франция, Бельгия және Голландияның қалаларында қазақ биін өзге халықтарға таныстырды. Жас биші артистерімізді жақсы қабылдап биік бағаларын бергеніне ризамыз. Бүгінгі жастардың жетістіктері ол біздің мемлекетіміздің жетістіктері ғой!»

 Осыған орай барлық журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және баспасөз қызметкерлерін біздің концертімізге құана шақырамыз.

Баспасөз хатшы: Назгүл Санатқызы Какимова +7(701) 651-11-29

e-mail: press-service@ansamblsaltanat.kz