2020 жылы ақпан айының 28 және 29-шы жұлдызында Омбы қаласы

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

2020 жылы ақпан айының 28 және 29-шы жұлдызында Омбы қаласының Жасөспірімдер театрының сахнасында сағат 18-30-да, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы мерейтойының аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.

2020 жылы ақпан айының 28 және 29-шы жұлдызында Омбы қаласы

«Салтанат» ансамблінің жыл сайынғы Астана, Алматы қалаларында, шет ел мемлекеттерде жаңа бағдарламамен өтетін концерттері көрермендер алдында үлкен табысқа ие болады. Шетелдік көрермендер мен сыншылар: ««Салтанат» би ансамблінің концертін тамашалау – бөтен елге барып, оның халқымен танысумен бірдей» – деген баға берді. «Салтанаттың» өнері – «нағыз халықтық» өнері. Онда дәстүр мен тарихтың тереңдігі, қазіргі заманның бояуы бар.   

Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Азамат Асқаров, Арқат Әшірбек, Риза Тағанова, Раушан Кундукова, Ақжол Абибулла, Сұңкар Болат, Денис Витченко, Аида Ажмағамбетова, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Лаура Үркінбаева, Ержан Сарманов, Ғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова өнерлерін көрсете отырып Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы Халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері – Ернұр Қарықболдың өнерін тамашалайсыздар.

Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.

Гүлсәуле Орумбаева – ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері:

«2020 жыл Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы деп жарияланды. 9-шы қаңтар айында «Егемен Қазақстан» газетінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелүлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырды Қазақстан» мақаласы шықты. Біз бірауыздан мақаланы қолдаймыз және де ақынның шығармаларының  бүгінгі күнге дейін халыққа өзекті және рухани азық болып табылатынына және соның арқасында мемлекетіміз ұлы ақынның кеңестеріне сүйене отырып, барлық салаларда дамитына, үлкен жетістіктерге жететіне сенімдіміз.

 Осыған орай, барлық журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және баспасөз қызметкерлерін біздің концертімізге қуана шақыра отырып, қолдау беруіңізді сұраймыз.

Баспасөз хатшы: Назгүл Санатқызы Какимова +7(701) 651-11-29

e-mail: press-service@ansamblsaltanat.kz