«САЛТАНАТ» Санкт-Петербургте!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«САЛТАНАТ» Санкт-Петербургте!

23 қыркүйек күні сағат 19:00 де Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас консулдығы және «Ата-Мекен» Қазақ автономиясының қолдауымен ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Санкт-Петербург қаласы «Балтық үйі» театр фестивалінің сахнасында өтетін концертке шақырады!

Бағдарламада: қазақтың ұлттық билері мен әлем халықтарының билері (ұйғыр, моңғол, кәріс, өзбек, тәжік, болгар билері және т.б.)

Концерттің басты мақсаты:  кәсіби тәжірибе алмасу, екі ел арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайту. 

Кешке ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Айгүл Қосанова, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Шапағат» медалінің иегері, «Ата-Мекен» қазақ диаспорасының президенті – Әлия Кикенова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», күйші – Рахат Сәрсенов қатысады.

Көркемдік жетекшісі – Қуанышбек Төлеген.

Өтетін орны: Санкт-Петербург, «Балтық үйі» театр-фестиваль

Instagram: saltanat_ansambl_official

Баспасөз хатшысы: Ұлжан Айнақұлова

WhatsApp 8 747 490 52 62

                   8 777 517 89 03 Байланыс телефоны: 8 (911) 125-22-53

«САЛТАНАТ» Санкт-Петербургте!