Сәрсенов Рахат Ғазизұлы – ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директорының орынбасары

Сәрсенов Рахат Ғазизұлы – ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директорының орынбасары

Сәрсенов Рахат Ғазизұлы – ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директорының орынбасары

Сәрсенов Рахат Ғазизұлы 1985 жылы 22 ақпанда дүниеге келген.

2000-2004 жж. – Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінде домбыра мамандығын тәмамдады;

2004-2008 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында домбыра мамандығын бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

2007-2020 ж.а. – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі, концертмейстер орынбасары;

2020-2023 жж. –  Құрманғазы атындағы ҚҰК, Ректор кеңесшісі.

2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін –  ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директорының орынбасары.

Рахат Сәрсенов Швейцария, АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Германия, Австрия, Болгария, Түркия, Испания, Чехия, Славения, Венгрия, Корея сынды мемлекеттерде қазақ өнерін насихаттап, мәдениет саласына зор үлес қосты.

Марапаттары:

2004 жылы Құрманғазы атындағы Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының лауреаты;

2006 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі аясында өткен байқаулардың лауреаты;

2021 жылы «Мәдениет саласының үздігі» медалімен, 2023 жылы  Түріксойдың 30-жылдығына арналған медалімен марапатталды.