Закиров Мақсат Демешұлы

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»
Закиров Максат Демешевич

Закиров Мақсат Демешұлы

«Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің директоры

Зәкіров Мақсат Демешұлы 1962-жылы 20-шілдеде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келді.

1969-жылы арнайы таңдау арқылы Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектеп-интернатына қабылданды. 1980 жылы оны виолончель мамандығы бойынша аяқтады. Сол жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ішекті аспаптар кафедрасының оркестр факультетіне түсті. Оны 1985-жылы аяқтады.  

1985-жылдың қараша айынан 1987-жылдың шілдесіне дейін Кеңес Әскерінің қатарында Мәскеу әскери аймағында жедел әскери борышын атқарды. 1983-жылы студент болып жүріп «Отырар Сазы» фальклорлық-этнографиялық оркестріне әртіс-аспапшы ретінде жұмысқа алынды. КСРО халық әртісі Н.Тілендиевтің басшылығымен 12 жыл жұмыс істеді.

1994-жылы ҚР Мәдениет Министрлігіне министрдің көмекшісі ретінде мемлекеттік қызметке қабылданды.

1996-жылдың тамыз айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Ұлттық Жоғары Мектебінің тыңдарманы қатарына қосылып, оны 1997-жылы аяқтады. Екі жоғары оқу орнын аяқтаған. 1997-жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайдың директорының орынбасары, Астана қаласы Әкімдігі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік үрлемелі оркестрінің директоры, Абай атындағы МАОБТ әкімшілік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, «ҚР конституциясына 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген. Отбасылы.

Марапаттары:

– 1967-жылы музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнердің дамуына қосқан үлкен үлесі және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін Қазақ Кеңестік социалистік Республикасының Жоғары Кеңесінің Президиумы Жарлығымен ансамбльге құрметті «Еңбек сіңірген» атағы берілді.

–  1991-жылы Анкара қаласындағы Халықаралық түрік мәдениеті фестиваліне қатысқаны үшін Түркия мәдениет Басқармасының атынан алғыс хат алды;  

–  1998-жылы -Оңтүстік Корея, Пусан қаласындағы ұлттық билер конкурсының лауреаты атанды; сандал ағашына жазылған құттықтау дипломымен марапатталды; 

–  1998-жылы –Мәскеу қаласының 850-жылдық мерейтойына қатысқаны үшін Мәскеу қаласы мэрінің Құрмет грамотасын алды;

– 2001 -жылы – Республикамыздың Тәуелсіздігінің 10 жылдығына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтан бас балетмейстер Г.Орумбаеваның атына алғыс хат;

–  2001-жылдан 2006-жылдар арасында ансамбль жылына орта есеппен 3 айдан 6 айға дейін ҚХР-да болды;

–  2004 -жылы – Мәдени Олимпиадаға қатысқаны үшін Греция Елшілігі Атташесі Янис Ксенакистен алғыс хат алды;

–  2005– ансамбльдің құрылғанына 50-жылдық мерейтойға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мәжіліс депутаты Дариға Нұрсұлтанқызының құттықтау хаттары;

–  2001-жылдан 2010 –жыл аралығында Қытай Халық Республикасының аймақтарына тұрақты гастролдік сапарға шыққаны үшін, Қытай Халық Республикасының   16 аймағының басшыларынан кәсібилігі мен шеберлігі үшін Үздік белгі марапатын алды;

–  2011 -жылы – ХІІ Қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылардың бірі, Ресей Халық әртісі И. Крутойдан және Астана қаласының әкімі И.Тасмағанбетовтан ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғыс хат алды;

–  2011 -жылы – АҚШ, Техас қаласында өткен «First Annual Silk Road Festival»  фестиваліне қатысқаны үшін алғыс хат;

–  2011 –жылы – «Алматы – Менің алғашқы махаббатым» атты музыкалық ретро фестивалдің Ұйымдастыру комитетінен Д.Назарбаева тұлғасында іс-шараны ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хат алды;  

 – 2011 -жылы – VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыруда және өткізуде қосқан үлкен үлесі үшін Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетовтан алғыс хат; 

–  2012 -жылы – «Алматы – Менің алғашқы махаббатым» атты ХІІ музыкалық ретро фестивалдің Ұйымдастыру комитетінен Д.Назарбаева тұлғасында іс-шараны ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хат алды;  

–  2012 -жылы – Мускат қаласындағы «Орталық Азия Мәдениеті» фестиваліне қатысқаны үшін Оман Сұлтандығы Королінен алғыс хат алды;

–  2012 -жылы – Түркиядағы «Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысқаны үшін Түрік мәдениеті Интернационалдық ұйымының (TSAE) Президенті Кемал Оксуздан алғыс хат алды; 

–  2012 -жылы – «Алматы – Менің алғашқы махаббатым» атты ХІІІ музыкалық ретро фестивалдің Ұйымдастыру комитетінің төрағасынан Д.Назарбаева тұлғасында іс-шараны ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хат алды;  

–  2013 -жылы – Үндістанның Фаридабад штатындағы Халықтар өнері фестиваліне қатысқаны үшін алғыс хат;

–  2014 –жылы – Джакарта қаласындағы Қазақстан мәдениеті Күндеріне қатысқаны үшін алғыс хат, Индонезия;

–  2014 –жылы – – ҚХР-дағы қазақ диаспорасының құрылуының 60-жылдығына қатысқаны үшін алғыс хат;

–  2015 -жылы – ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің 60-жылдық мерейтойына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан құттықтау хат алды;

  2016 –жылы – Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді ат салысқаны үшін Алматы қаласының әкімі Б.Байбектен алғыс хат;  

–  2017 –жылы  – Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға белсенді түрде көмек көрсетіп, қатысқаны үшін Алматы қаласының әкімі Б.Байбектен алғыс хат алды.