Шетелде

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

“Салтанат” би ансамблі Омбыда Шетелде

2020 жылдың 28 және 29 ақпанында Омбы қаласының Жасөспірімдер театрының сахнасында, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы мерейтойы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтті.

Дегенмен ““Салтанат” би ансамблі Омбыда”

«САЛТАНАТ» би ансамблі Францияда Шетелде

2019 жыдың 13-ші маусым мен 23-ші шілде аралығында, Франция және Бельгияның қалаларында 36-шы Мондиал Халықаралық фольклор фестивалі өтті (36ème Festival Mondial). Фестивальде әр елдерден би және музыкалық ұжымдар жиналып өз өнерімен, мәдениетімен және дәстүрімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.

Дегенмен “«САЛТАНАТ» би ансамблі Францияда”

2019 ж. мамыр айының 12-ші жұлдызында Әлішер Науаи ат. Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрынің сахнасында Шетелде

2019 ж. мамыр айының 12-ші жұлдызында Әлішер Науаи ат. Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрынің сахнасында ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблінің концерті өтті. “Салтанат” би ансамблі Елбасы, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын қолдау мақсатымен өткізді. Концерттің бағдарламасында қазақ ұлттық билері және әлем халықтарының билері тамашаланды.

Дегенмен “2019 ж. мамыр айының 12-ші жұлдызында Әлішер Науаи ат. Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрынің сахнасында”

Пост-релиз 19.12.18-14.01.19 kz Шетелде

2018 ж. 19 – шы желтоқсаннан 2019 ж.  14- ші  қаңтарға дейін ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің артистері ҚР бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында ҚХР Сычуан провинциясындағы Гуанюань қаласына үлкен концерттік бағдарламамен гастролдік сапарға барып келді.

Дегенмен “Пост-релиз 19.12.18-14.01.19 kz”
Нобай жоқ

Қазақ халқының дәстүрі «Кастамону-2018» сахнасында. Шетелде

Қазақ халқының дәстүрі «Кастамону-2018» сахнасында.

Түріктің Кастамону қаласында “Кастамону – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылдың жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға түркі тілдес елдерден шығармашылық ұжымдар қатысты. Жабылу рәсімінде Қазақстанның әншісі @ayree_official, ұлы Абайдың “Желсіз түнде жарық-ай”  атты туындысын орындап ұсынды. Әншіге сахнада би сүйемелдеуін ұйымдастырған Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблі болған. Осы орындауда қазақ халқының салт-дәстүрі мен қазіргі заманауи өнері бір-бірімен үндестікте болды, бұл тандем ерекше әсерлі орындау болып көрінді.

Дегенмен “Қазақ халқының дәстүрі «Кастамону-2018» сахнасында.”
Нобай жоқ

Шетелде Шетелде

Ақпан: Үндістанның Фаридабад қаласындағы гастрольдер. 28-ші Халықаралық халықтық кәсіптерінің жәрмеңкесіне қатысу. «Салтанат» ансамблі Үнді көрермендеріне үлкен табыспен 30 концерт көрсетіп, 50 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті.  Концерттердің репертуарлық негізін 100 % қазақ халқының билері құрады.

Дегенмен “Шетелде”