Гастрольдік іс-сапар

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Қызылорда облысында 19-24 сәуір аралығында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің гастрольдік сапары өтті.

29 сәуір – Халықаралық би күніне арналған концерт 19 сәуір Байқоңыр қаласы, Мәдениет үйінде, 20 сәуір сағат Қазалы ауданы, Мәдениет орталығында, 22 сәуір Шиелі ауданы, Мәдениет үйінде, 23 сәуір Тереңөзек кенті, Сырдария атындағы аудандық мәдениет үйінде, 24 сәуір Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында жоғары деңгейде өтті.

Қызылорда облысының тұрғындары мен өнерсүйер қауымы жаңа бағдарламадан «Мереке би», «Жастық жалын», «Шашу», «Орыс биі», «Моңғол биі», «Бақытың өз қолыңда», «Корей биі», «Өмір тармағы», «Ұйғыр биі», «Қыз қуу», ««Ғажайып тылсым», «Өзбек биі», «Ел салтанаты» және тағы да басқа би қойылымдарды тамашалады.

ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Рахат Сәрсенов Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі мен Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі, Махамбеттің «Жұмыр-Қылыш» күйін орындап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кешіміздің қонағы ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Республикалық конкурстың лауреаты, әнші Рауза Ысқақова әннен шашу шашты.

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамбль ұжымына облыс және аудан әкімдігінің атынан арнайы “Алғыс хат” табысталып, құрмет көрсетілді.

Қызылорда облысының әкімдігіне, Қызылорда облысының полиция департаментіне, Қазалы ауданының әкімдігіне, Шиелі ауданының әкімдігіне, Сырдария ауданының әкімдігіне, Мәдениет басқармасына, Қызылорда облыстық филармониясына, Қызылорда облыстық халық шығармашылық орталығына, Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрына, би өнерінің талғамы биік көрермендеріне алғысымызды білдіреміз!

Қонақжай Сыр өңірі, жыр елінің тұрғындарына мың алғыс.

24.04.2024

https://www.instagram.com/p/C6QZ4CqoZGX/