Астана қаласы жылы қарсы алды!

2019 жылы 4 наурыз күні «Астана» Концерт залының сахнасында сағат19-00-де, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті аншлагпен өтті.

Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Азамат Асқаров, Динара Құдабаева, Архат Әшірбек, Анар Рысқұлова, Ержан Сарманов, Раушан Қундукова, Сұңкар Болат, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Лаура Үркінбаева, Ғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Денис Витченко өз өнерлерін көрсетті және Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы IX-шы Халықаралық жеке би конкурсының Гран-При жүлдегері – Ернұр Қарықбол өнерін тамашалады.

Концертті Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, «Құрмет» орденнің иегері, актер – Бақтияр Қожа, және  Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, әсіресе “Хабар 24”, “КТК” телеарналарына, “Казахстанская правда” газетіне концертті жарықтандырғаны үшін ансамблдің ұжымының атынан ризашылығымызды білдіреміз.