«САЛТАНАТ» би ансамблі Францияда

2019 жыдың 13-ші маусым мен 23-ші шілде аралығында, Франция және Бельгияның қалаларында 36-шы Мондиал Халықаралық фольклор фестивалі өтті (36ème Festival Mondial). Фестивальде әр елдерден би және музыкалық ұжымдар жиналып өз өнерімен, мәдениетімен және дәстүрімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.

3-ші маусымда, Франциядағы Roche-la-Molière қаласында фольклорлық фестивалдің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамбліне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен, осындай ауқымды іс-шарада, өз концерттік бағдарламамен қатысуы бүйырды. Және де, фестиваль кезеңінде, біздің бишілер, қазақ биі тақырыбымен шеберлік сабақтар өткізіп, көшелерде флешмоб жасап, орталық алаңдарда қала түрғындарымен бірге қазақ биін билеп, қазақ халқының дәстүрлерімен таныстырды.