ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі Әзірбайжан елінде

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

    ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі Әзірбайжан елінде

        Әзірбайжан елінде «Хары-бюльбюль» және «Шуша 2023 – түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында халықаралық фольклор фестивальі ұйымдастырылды. Бұл шараға  ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнер иелері қатысты. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген бастаған өнер ұжымы Алматыдан Әзірбайжанға арнайы барып, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін шет елде насихаттап, «Салтанат» би ансамблі  өнерін паш етті.

Хары-бюльбюль – 1989 жылдың мамыр айынан бастап 1991 жылға дейін Шушада және Қарабақтың басқа да қалаларында жыл сайын өткізілген халықаралық фольклорлық фестиваль. Оған әншілер, музыканттар, ақындар, актерлер, бишілер, палуандар, спортшылар қатысқан. 2021 жылдың мамырында бұл фестиваль қайта жанданды. Айта кетейік, фестиваль көктем мезгілінде Шушада гүлдейтін «Кавказ офрисінің» атымен аталады, оны Әзірбайжанда «Хары-бюльбюль» дейді. Ол тек Қарабақ топырағында өсіп-өнетін, сұлулығы ерекше ғажап гүлдің аты. Егер оған зейінмен мұқият қарасаң, оның бұлбұл құспен ұқсастығын көресің.

2023 жылы Әзірбайжан Шуша қаласын “Түркі әлемінің мәдени астанасы” деп жариялады. Осыған орай  іс-шаралар жоспары бекітілді.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Шушада “Хары-бюльбюль” VI халықаралық фольклор фестивалін өткізу жоспарланды. Оған әр елдің ең үздік музыканттары мен орындаушылары қатысты. Ол мәдени астананың символы болған гүлдің атымен аталады. Алғаш рет 1989 жылы мамыр айында  Джыдыр-дюзю-да өтті. 1992 жылы 1-ші Қарабақ соғысы кезінде соғыс қимылдарына байланысты фестиваль өтпеді. 2021 жылдың қаңтар айында Шуша қаласы азат етілгеннен кейін Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев “Харыбюльбюль” фестивалін қайта жандандырды.

        Мамыр айында өткен фестивальде ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетіп, шет елдің сахнасында қазақтын биін насихаттады.