Ақпан: Үндістанның Фаридабад қаласындағы гастрольдер. 28-ші Халықаралық халықтық кәсіптерінің жәрмеңкесіне қатысу. «Салтанат» ансамблі Үнді көрермендеріне үлкен табыспен 30 концерт көрсетіп, 50 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті.  Концерттердің репертуарлық негізін 100 % қазақ халқының билері құрады.

Мамыр

Индонезия республикасы, Жакард қаласында өткен Қазақстан Республикасының Мәдениет күндеріне «Салтанат» ансамблі 16 балет әртісі құрамында қатысты, репертуары қазақ халқының билерінен құралды.

Қазақ билері Индонезиялық көрермендерге үлкен шығармашылық әсер қалдырды. Делегацияны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Аскар Исмаилович Бурибаев басқарды.

2017 жылдың 20-25-ші қазан аралығында Түркияда Қазақстанның мәдениет және кино күндері өтті.

2017 жылдың 20-25 қазан күндері аралығында Түркияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламалық мақаласына және Қазақстан мен Түркияның димпломатиялық қарым-қатынасының 25-жылдығына арналған  Қазақстан мәдениеті мен кино күндері өтті, оған ҚР «Салтанат» қазақ мемлекеттік би ансамблінің балет әртістері белсенді қатысты. Ансамбль әртістері өнеріме, бағдарламасының толықтығымен және алуан түрлілігімен, әсерлі өнер көрсетуімен Анкара және Самсун қалалары көрермендерінің жүрегін жаулады. «Салтанат» би ансамблі балет әртістерінің өнерін қошеметпен қарсы алды.

Бұл ауқымды жобаның бастамашылары және ұйымдастырушылары Қазақстанның Түрік Республикасындағы елшілігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі, ТЮРКСОЙ және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болды.