Марапаттар

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

– 1967-жылы музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнердің дамуына қосқан үлкен үлесі және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін Қазақ Кеңестік социалистік Республикасының Жоғары Кеңесінің Президиумы Жарлығымен ансамбльге құрметті «Еңбек сіңірген» атағы берілді.

–  1991-жылы –Анкара қаласындағы Халықаралық түрік мәдениеті фестиваліне қатысқаны үшін Түркия мәдениет Басқармасының атынан алғыс хат алды;  

–  1998-жылы -Оңтүстік Корея, Пусан қаласындағы ұлттық билер конкурсының лауреаты атанды; сандал ағашына жазылған құттықтау дипломымен марапатталды; 

–  1998-жылы –Мәскеу қаласының 850-жылдық мерейтойына қатысқаны үшін Мәскеу қаласы мэрінің Құрмет грамотасын алды;

– 2001 -жылы – Республикамыздың Тәуелсіздігінің 10 жылдығына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтан бас балетмейстер Г.Орумбаеваның атына алғыс хат;

–  2001-жылдан 2006-жылдар арасында ансамбль жылына орта есеппен 3 айдан 6 айға дейін ҚХР-да болды;

–  2004 -жылы – Мәдени Олимпиадаға қатысқаны үшін Греция Елшілігі Атташесі Янис Ксенакистен алғыс хат алды;

–  2005- ансамбльдің құрылғанына 50-жылдық мерейтойға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мәжіліс депутаты Дариға Нұрсұлтанқызының құттықтау хаттары;

–  2001-жылдан 2010 –жыл аралығында Қытай Халық Республикасының аймақтарына тұрақты гастролдік сапарға шыққаны үшін, Қытай Халық Республикасының   16 аймағының басшыларынан кәсібилігі мен шеберлігі үшін Үздік белгі марапатын алды;

–  2011 -жылы – ХІІ Қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылардың бірі, Ресей Халық әртісі И. Крутойдан және Астана қаласының әкімі И.Тасмағанбетовтан ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғыс хат алды;

–  2011 -жылы – АҚШ, Техас қаласында өткен «First Annual Silk Road Festival» фестиваліне қатысқаны үшін алғыс хат;

–  2011 –жылы – «Алматы – Менің алғашқы махаббатым» атты музыкалық ретро фестивалдің Ұйымдастыру комитетінен Д.Назарбаева тұлғасында іс-шараны ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хат алды;  

 – 2011 -жылы – VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыруда және өткізуде қосқан үлкен үлесі үшін Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетовтан алғыс хат; 

–  2012 -жылы – «Алматы – менің алғашқы махаббатым» атты ХІІ музыкалық ретро фестивалдің Д.Назарбаева тұлғасында Ұйымдастыру комитетінен іс-шараны ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хат алды;  

–  2012 -жылы – Мускат қаласындағы «Орталық Азия Мәдениеті» фестиваліне қатысқаны үшін Оман Сұлтандығы Королінен алғыс хат алды;

–  2012 -жылы – Түркиядағы «Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысқаны үшін Түрік мәдениеті Интернационалдық ұйымының (TSAE) Президенті Кемал Оксуздан алғыс хат алды; 

–  2012 -жылы – «Алматы – менің алғашқы махаббатым» атты ХІІІ музыкалық ретро фестивалдің Д.Назарбаева тұлғасында Ұйымдастыру комитетінің төрағасынан іс-шараны ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хат алды;  

–  2013 -жылы – Үндістанның Фаридабад штатындағы Халықтар өнері фестиваліне қатысқаны үшін алғыс хат;

–  2014 –жылы – Джакарта қаласындағы Қазақстан мәдениеті Күндеріне қатысқаны үшін алғыс хат, Индонезия;

–  2014 –жылы – ҚХР-дағы қазақ диаспорасының құрылуының 60-жылдығына қатысқаны үшін алғыс хат;

–  2015 -жылы – ҚР мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің 60-жылдық мерейтойына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан құттықтау хат алды;

–  2016 –жылы – Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді ат салысқаны үшін Алматы қаласының әкімі Б.Байбектен алғыс хат;  

–  2017 –жылы – Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға белсенді түрде көмек көрсетіп, қатысқаны үшін Алматы қаласының әкімі Б.Байбектен алғыс хат алды.