Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екеніміздігі мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – Мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің ұжымы барлық шетелдегі гастролдік сапарларда белсенді түрде, желбіреген аспан түстес байрағымызды көтеріп, елімізді насихаттап, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін асқақтатып, өзге халықтарға паш етіп жүреді.