Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы – азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! | В небе золотое солнце, В степи золотое зерно. Сказание о мужестве – моя страна. В седой древности Родилась наша слава, Горд и силен мой казахский народ. Припев: О, мой народ! О, моя страна! Я твой цветок, взращенный тобой. Я песня, звенящая на твоих устах, Родина моя – мой Казахстан. У меня простор неоглядный И дорога, открытая в будущее. У меня независимый, Сплоченный, единый народ. Как извечного друга Встречает новое время Наша счастливая страна, наш народ. Припев: О, мой народ! О, моя страна! Я твой цветок, взращенный тобой. Я песня, звенящая на твоих устах, Родина моя – мой Казахстан. |