7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Құрметті Отандастар, ер-азаматтар!

Баршаңызды 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке – ерліктің, ар-намыстың, батылдық пен патриотизмнің символы. Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі.

Отанды қорғау біздің ата-бабаларымыз үшін қашан да қасиетті борыш саналған. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгіріп қызмет етіп», – ел ертеңі жарқын болуына аянбай атсалысып келесіздер. Тəуелсіз Қазақстанның айбарын асқақтатып, елдің тірегі болыңыз!

Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер!

Баршаңызға зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Мәртебелеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болсын!

https://www.instagram.com/p/C6oSprHonvT/

Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі

7.05.2024 жыл

7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ