ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРКЕСТРІНЕ – 90 ЖЫЛ!

ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРКЕСТРІНЕ – 90 ЖЫЛ!

Халқымыздың ұлттық музыкалық өнерін дәріптеп, бірегей музыкалық аспаптарымызбен халықтың әсем де сырлы сазын әлемге әйгілеп жүрген еліміздегі тұңғыш әрі теңдесі жоқ Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрін 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрманғазы оркестрі – Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі тұңғыш оркестр.

1934 жылы қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен оркестрдің негізі қаланды. Бүкіл әлемге қазақтың мәдениетін, көркем өнерін, теңдесі жоқ дала сазы мен ерекше аспаптарын таныстырып, қазақтың күйін көкке әуелеттіңіздер!

Аты аңызға айналған оркестрдің бүгінгі мерейлі белесі құтты болсын! Еліміздің ұлттық өнерін әлемге насихаттай беріңіздер. Шығармашылық табыс тілейміз! Мәдениетімізді дамыту жолындағы еңбектеріңіздің жемісі еселене берсін!

Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі.

ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРКЕСТРІНЕ - 90 ЖЫЛ!