68-ШІ КОНЦЕРТТІК МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

68-ШІ КОНЦЕРТТІК МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ

        Қараша айының 20 жұлдызында ҚР-ның «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Тәуелсіздік – тұғырым» концерті өтеді.

Қазақ би өнерінің тарихында Тұңғыш рет Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ұлттық және әлем халықтарының билері, дәстүрлі және классикалық әндер ұсынылады.

Кеш қонақтары: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі;
Көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев;
Бас дирижер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген;
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева;

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина;

ҚР мәдениет қайраткері Есенгелді Ырза;

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Венера Алпысбай, Нұрғалым Аманбай, Шаттық Уатқан. 

Билеттер «Тикетон» сайтында.

8.11.2023 жыл