Ансамбль артистері  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Ансамбль артистері  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

        21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблінің балет артистері Ержан Сарманов, Орынкүл Қожаназарова, Мерген Сарсембаев, Самат Абдрахманов Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

         ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Эльмира Әлімсейқызы, балет артисі Мереке Төреқан саланың тұрақты дамып, өркендеуі жолында сіңірген абыройлы еңбегі мен елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінен “Құрмет” грамотасын алды.

         “Салтанат” би ансамблінің қызметкерлері Наталья Николаевна, Райхан Сәтиқызы, балет артисі Балауса Ахметнабийқызы елеулі еңбегі үшін Мәдениет және Спорт министрі Асхат Ораловтың атынан алғыс хатпен марапатталды.

        Марапат иелерін ансамбліміздің басшысы Елубай Мұхамбетұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.

        Сіздердей шығармашылық ұжым, өнер адамдарын құрметтей отырып, біз жастарды тәрбиелейміз. Марапаттарыңыз құтты болсын! Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын!