ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ!

Бүгін ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры Елубай Кенжалиевтің қатысуымен ансамбльде марапаттау жиыны өтті. Ұжымның бірнеше қызметкерлеріне Еңбек күніне орай арнайы “Алғыс хат” табысталды.

Директор Санкт-Петербург қаласында ұйымдастырылған концерт жайлы кеңінен тоқталып, жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан әріптестерге зор алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы гастрольдік сапар жайлы жоспарлармен бөлісті.

-Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып жүрген нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол, рухы биік жандар қоғамның назарында болуға тиіс. Халқымыз «Еңбек еткенге бақыт басын иеді. Еңбек түбі – береке» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, адал еңбек – бүкіл жетістіктің бастауы. Елдің еңсе көтеріп, табысқа жетуі үшін халықтың білімді, көзі ашық, жан-жақты болғаны маңызды. ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің өркендеуі жолында еңбек етіп, сүбелі үлестеріңізді қосып, адал қызмет атқарып келесіздер. Сіздерге зор алғыс білдіремін.

Еңбектеріңізді бағалаймын. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін, – деді директор.

Салтанатты жиында ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің бірқатар қызметкерлері:

Бектурсынов Мурат Хожахмедович – ансамбльдің балет артисі;

Мамирова Ильмира Рустемовна – концерттік костюмдер тігу шебері;

Понамарева Виктория Валерьевна – костюмдер цехының шебері;

Махмутов Ярмагамет Анварович – аяқ-киім жөндеу шебері;

Нүсіпбаева Бағдагүл Қыдырбекқызы – еден жуушы;

Ақмаханов Нұрлан Тұрсынбекұлы – күзетші;

Жолмырзаев Алтынбай Бекниязұлы – күзетші абыройлы еңбегі мен елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін директор Елубай Кенжалиевтің атынан “Алғыс хат” грамотасымен марапатталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз табысты, жемісті болғай!

ССЫЛКА https://www.instagram.com/p/DAqEXdAoank/