Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концертіне орай

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің шығармашылығы – бұл бидің ерекше және түсінікті тілі, көркем бейненің қуаты, импровизация, құштарлық пен энтузиазм, орындаушылық шеберлігінің нағыз табиғатын танытады. «Салтанат» би ансамблі ұлттық фольлорлық хореография мұрасын ұқыптылықпен сақтап, құрметтейді, бірегей образдар тудыра отырып, халық биін дамыту мен байытуды жалғастырады.

2018 жылы 14 мамыр күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында 19-00 сағат уақытында Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында және Астана қаласының 20-жылдық мерейтойының аясында өткізілді. Концерт бағдарламасында қазақ ұлттық билері, ТМД елдері мен әлем халықтары билері.