ҚҰРМЕТ ДЕМАЛЫСЫ

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚҰРМЕТ ДЕМАЛЫСЫ

       Бүгін ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамбль ұжымы мен директоры Елубай Кенжалиев дәстүрлі әнші, “ҚР Мәдениет саласының үздігі” Байтілеуова Күмісай Бегежанқызын құрметті зейнет демалысына шығарып салды.  Ансамбльдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Әріптестері ақжарма тілектерін айтып, естелікке сыйлықтарын табыстады.

        Күмісай Бегежанқызының ансамбльдің өркендеп өсуіне қосқан үлесі зор. Ұжымда 22 жылдан аса абыроймен еңбек етіп, гастрольдік сапарлармен Түркия, Индонезия, Ұлыбритания, Ирландия, Ресей, АҚШ, Қытай елдеріне барып, қазақ және әлем халықтарының өнерін, тарихын, бейнесін, дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттап, өнер жолында қайталанбас қолтаңбасын қалдырды.
       Айта кетейік, Күмісай Байтілеуова 2001 жылы ансамбльде солист-вокалист ретінде еңбек етіп, дәстүрлі әнді кеңінен насихаттады.
Марапаттары:
«ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
      

6.11.2023 жыл