“Салтанат” Қызылордада

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің концерті 24 сәуір күні Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтті.

“Салтанат” Қызылордада

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің концерті 24 сәуір күні Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтті.

Көрермендер ерекше концерттің куәсі болды. Олар бүгінгі кештен шынайы өнерге деген құштарлықты, махаббат пен шеберлікті, саф өнерді тамашалады десек артық айтқанымыз емес. Жаңа бағдарламада қазақтың ұлттық және әлем халықтарының билері ұсынылды.

Облыстық филармония басшысы Мақашов Талғат Бақытбекұлы қорытынды сөз сөйлеп, ансамбль директоры Елубай Кенжалиевке Қызылорда облысы әкімінің атынан «Алғыс хат» тапсырып, өнер ұжымын марапаттады. Балет артистеріне сәттілік тілеп, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамбліне алғысын білдірді.

Бүгінгі кештен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек ретінде «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорына аударылатынын еске саламыз.

https://www.instagram.com/p/C6K_fEwoc6b/

24.04.2024