“Салтанат” Шиеліде

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің Шиелі ауданына гастрольдік сапармен келіп, жаңа би қойылымдарын ұсынды.

“Салтанат” Шиеліде

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің Шиелі ауданына гастрольдік сапармен келіп, жаңа би қойылымдарын ұсынды.

Мың бұрылған бишілер өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Көрермен Аяулым Бижанованың айтуынша, әртістердің өнер көрсетулері жоғары деңгейде болды.

– Концертке балаларыммен келдім. Бұл кеш олардың би әлеміне деген қызығушылығын оятты. Сонымен қатар, менің ойымша, концерт барлық жастағы адамдарға танымдық әрі пайдалы, өйткені ол рухани байуға, әдемілікті көре білуге көмектеседі. Сұлулыққа саяхат жасадық. Артистердің шеберліктері би қойылымдарын жақсырақ сезінуге және қабылдауға мүмкіндік береді, себебі сахнадан елітіп әкететін қуатты күштің лебі сезіліп тұрды.

Концерттен кейінгі жағымды әсерімен Динара Амангелді де бөлісті:

– Ансамбльдің концертіне алғаш рет келдім және қатты таңғалып тұрмын. Маған би әлеміне саяхат ұнады, әсіресе “Аққу” жайлы нөмір есімде қалды. Домбыраның үнін тыңдадым.  “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің кешіне келгеніме қуаныштымын.

Киелі Шиелі жұртшылығы өнер ұжымының шеберлігін жоғары бағалап, ақ тілектерін жаудырды.

Шиелі ауданының әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов концертте сөз сөйлеп, аудан әкімінің атынан «Ықылас гүлін» табыстап, ансамбль ұжымына сәттілік тіледі.

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген қорытынды сөз сөйлеп, туған жері Шырайлы Шиелі ауданының тұрғындарына, ата-анасы мен білім берген ұстаздарына шексіз алғысын білдіріп, құрмет-қошемет көрсетті.

Алда концерт 23 сәуір Тереңөзек кентінде, 24 сәуір Қызылорда қаласында жалғасын таппақ.

https://www.instagram.com/p/C6GRioULRyR/22.04.2024