Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің қызметкерлері балалар ауруханасының аумағына ағаштар отырғызды

Бүгін, сәуір айының 17 жұлдызында Алматы қаласындағы балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасының аумағында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ведомстволық мәдени ұйымдарының қызметкерлері арасында қаланы көгалдандыру акциясы өтті.

Шараның басты мақсаты – қоғамды қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақыру, қала аумағын көгалдандыруға үлес қосу.

Қазіргі жағдайда қаланы көгалдандырудың маңызы өте зор екендігін атап өткен жөн. Жасыл кеңістіктер ауаны тазартады, қаладағы шуды азайтады, ауаның ылғалдылығын күшейтеді, жазда ауа температурасын төмендетеді және қыста жоғарылатады, сонымен қатар, қаланы көгалдандыру сапасы тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсер етеді. Сонымен қатар, жасыл кеңістіктер адамның эстетикалық қажеттіліктеріне де, барлық өмірдегі іс-әрекеттеріне де жағымды әсер беруіне ықпал етеді.

Осы акция аясында, ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің қызметкерлері, Алматы қаласындағы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты барлық ведомстволық мекемелерінің өкілдерімен бірге, қала аумағын көгалдандыру мақсатында, өздерінің баға жетпес үлестерін қосып, 500-ге жуық түп жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.