“Ұлы даланың ұлы күні-Наурыз”

Бүгін, наурыз айының 17-ші жұлдызында, М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрының алаңында , ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі қолдауымен, концерттік және театр ұжымдырдың ұйымдастыруымен «Ұлы даланың, Ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік тойлау жаңа үлгіде бастауын алды.

Мерекелік концертте ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің Вице-Министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтап сөз сөйледі.

Мерекелік қайырымдылық концертке көпбалалы отбасылардан және балалар үйлерден 800 бүлдіршіндер шақырылып, оларға сыйлықтар таратылды, Концерт және театр ұжымдарының артистері өз өнерлерін көрсетті. Солармен бірге, ҚР Мемлкеттік «Салтанат» би ансамблінің артистері, көркемдік жетекші, бас балетмейстер Гүлсәуле Орумбаеваның бастауымен, әдемі билерін көрермендерге паш етті .

Сондай-ақ, қонақтар спорттық ойындарды, қол-өнер көрмені, шашу мен кәде-сыйларды, ән мен күйлерді, мерекелік қойылымдарды тамашалады.Үлкен мен кішісі бірігіп талдар отырғызды.

Осындай дәстүрлі мерекені – Наурыз мейрамын жаңа үлгімен баршамыз қолдап жылда тойлайық!