ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жұмыс сапарымен Әзірбайжанға келді.

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»
ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жұмыс сапарымен Әзірбайжанға келді.

 ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жұмыс сапарымен Әзірбайжанға келді. Мұнда ТҮРКСОЙ ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кездесуі және ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, Түркі Мемлекеттерінің ұйымы, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының, Халықаралық Түркі академиясының, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілдері қатысатын басқа да іс-шаралар өтпек.

        Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесу жоспарланды. Айта кетейік, биыл ұйымның құрылғанына 30 жыл толады және мерейтойлық іс-шаралар біздің елімізден басталады. Алдағы уақытта Алматыда осы айтулы күнге орай гала-концерт өткізу мәселесі пысықталып жатыр.

        Сондай-ақ, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ аясында, 2023 жыл көрнекті қоғам және саяси қайраткердің жылы деп жарияланды. Осыған байланысты да түрлі іс-шаралар өтпек. Мысалы, наурыз айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Жүргенов жылының ашылу салтанатын ұйымдастырды. Оған ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Бiлал Чакыджы және ұйымға қатысушы 6 елдің өнер университеттерінің ректорлары қатысқан болатын.

       Бүгін Асхат Раздықұлы Әзірбайжан елінде қазақтың өнерін насихаттап жүрген ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблімен кездесті.

       “Қазақстан түркі елдерімен мәдени байланысты нығайтады. Алдағы кездесулер ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеруге көмектесетініне сенімдімін. Мен ол кездесулердің нәтижесі мен қол жеткізген келісімдер туралы міндетті түрде хабарлаймын” – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы.