Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат деп білеміз.
Ілияс Есенберлиннің әдеби музейі бүгінгі күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Айтар болсақ, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді жаңғыртып дәріптеу бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Наурыз мейрамына орай музей қызметкерлері «Қош келдің, әз Наурызым!» атты үлкен мереке дайындап өткізді. Мереке барысында «Тіл ашар», «Сәлем салу», «Қалжа» сынды салт-дәстүріміздегі әдет-ғұрыптар көпке насихатталып көрсетілді.
Бұған қоса, музей ұжымы 1 мамыр мерекесі қарсаныңда «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өткізді. Шараға 100 ден астам адам қатысты, олар мектеп оқушылары, ұстаздар және ата-аналар. Іс-шара барысында қатысушылар әр түрлі ұлттың салт дәстүрінен театрландырылған көріністер көрсетті. Мереке соңында барлық қатысушылар «Рухани жаңғыру» әнін шырқады. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында көптеген көрмелер ұйымдастырылып келушілерге дәрістер оқылды.Музей қызметкерлерінің жетістіктерін айтатын болсақ , 2017 жылы Құралай Жақыпова Ақмола облысының «Ең үздік эксурсовод» сайысына қатысып бас жүлдеге ие болды.2018 жылдың қантар айында музей директоры Ұлболсын Комбатурова Түркия елінің астанасы Анкарада өткен тәжірибе алмасу жұмысына қатысты.
– Тұңғыш Президент айқындап берген мәселелер төңірегінде бүгінгі таңда Сіз (сіздің ұжымда) қандай жұмыстар жасалып жатыр. Алдағы жоспарларыңыз туралы да айта кетсеңіз…
Алға қойылған жоспарлар өте көп.Биыл желтоқсан айында Ілияс Есенберлиннің әдеби музейіне 20 жыл толады. Осыған орай көптеген іс-шаралар өткізу жоспарда бар. Бұған қоса, біздің музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жазушы. Тұлға. Адам» атты ғылыми жоба да жалғасын табады.
Алдағы 2020 жылы І.Есенберлиннің 105-жылдығына орай жазушының өлең жинағын жарыққа шығару туралы ойда бар. Бүгінгі күні жазушының өлеңдері зерттеліп, ноталары жинақталуда.
– Фестиваль аясында еліміздің өңірлерінің мәдениет саласының ұйымдары (музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар) мен олардың қызметкерлерінің арасында «Рухани қазына» Республикалық байқауы алғаш рет өткізілді. Солардың арасында топ жарып жеңіске жетуіңіздің кілті неде? Қандай жұмысыңызбен (ерекшелігіңізбен) көзге түстіңіз?
Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай музей күрделі жөндеуден өтті. Қазір музей заман талабына сәйкес жаңарған. Республика бойынша топ жарып жеңіске жетуіміздің кілті де осында дер едім.Біздің музей жұмыс форматын жиі жаңартып отырады. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін көптеген жаңа жобалар енгізіліп, іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіледі. Бұған қоса, біздің ұжым І.Есенберлин отбасының қолдауымен музей қорын үнемі толықтырып отыруды дәстүрге айналдырған.
– «Рухани қазына -2018» Республикалық байқауы Сізге, ұжымға не берді?
«Рухани қазына-2018» республикалық сайысы біздің ұжымға одан әрі жұмыс істеуге жаңаша серпін, үлкен ынталандыру берді. Алдағы уақытта біздің ұжым басқа да конкурстарға қатысуға дайын екенін жеткізгім келеді. Біздің еңбегіміз лайықты бағаланатынына қуаныштымыз, біз өз музейімізді және өз жерлестеріміз, Ұлы даланың жазушысы Ілияс Есенберлинді әрдайым мақтан тұтамыз. Осы сайыстың арқасында республикамыздағы өзге музейлердің қызметкерлерімен таныстығымызды арттырдық. Қазір өзара тәжірибе алмасудамыз. «Рухани қазына-2018» байқауының тағы бір жетістігі, бүгінде ел аумағында тұлғалық музейлер қауымдастығы құрылғанын ерекше айтуға болады. Біздің музей сол қауымдастықтың мүшесі болдық. Бұл көңілге қуаныш сыйлайды. Жақында Алматыдағы орталық музейде тұлғалық музейлер қауымдастығы үлкен іс-шара өткізеді. Қазір біздің музей сол шараға қызу дайындық үстінде.