Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы – ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»
Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы - ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры
Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы

Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы, 1976  жылы 1 қаңтарда Атырау облысы Жылой ауданында қарапайым жанұяда дүниеге келген.

1991 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының №2 қазақ мектеп-интернатын бітірді.

1991 жылы А.Жұбанов атындағы музыкалық училищесі.

1998 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясы.

2002 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын үздік дипломмен бітірді.

2011-2013ж. Қырғызстан Ұлттық Консерваториясының  «дирижерлау» мамандығын тәмамдады.

2008 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінен «Біліктілікті жоғарлау» практикалық курсы.

1995 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданын балалар музыка мектебі

1999 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына фольклорлық-этнографиялық «Сазген» ансамблі

2002 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Қ.Жұбанов атындағы Университетіне «Музыкалық білім» кафедрасы.

2003 жылы  Ғ.Жұбанова атындағы  Ақтөбе облыстық филармониясы «Арайлы Ақтөбе»  оркестрі.

2007 жылы ақпан айында А.Жұбанов атындағы оркестрмен республикамыздың Астана, Қарағанды, Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, мамыр айында Ақтау, Атырау, Орал және қараша айында Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынын сахналарында гастрольдік сапармен өнер көрсетті.

2006-2007 жылдары аралығында қазақ ұлт-аспаптар оркестрі көптеген облыстық және қалалық мерекелік шараларға соның ішінде Әлия Молдағұлованың 80-жылдығы, «Қобылданды батыр» бабамыздың Мемориалдық кешенесінің тұсау кесері, Ақтөбе облысының 75 жылдығы және де көптеген ҚР еңбегі сіңген халық әртістері Ш.Қажығалиев, Н.Үсенбаева, Қ.Ахмедьяров, А.Жайымов, Ж.Бегендіков, Т.Әліпбаевтың концерттеріне қатысты.

2009 жылы РФ Мәскеу қаласына «Наурыз мейрамы» мерекесіне гастрольдік сапармен барып қайтты. 

2011 жылы Польша республикасындағы  Колобжек қаласында жыл сайын  өткізілетін дәстүрлі Халықаралық «Интерфолк» фестиваліне қатысты. 

2014-2022 жылдар аралығында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры қызметіне тағайындалды.

2001 жылы Астана қаласында өткен III-Халықаралық «Шабыт-2001» фестивалінің лауреаты атанды.

2007 жылы Ақтөбе облыстық Мәдениет Басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

2008 жылы Астана қаласында өткен Н.Тлендиев атындағы Халықаралық дирижерлар конкурсының III-орын лауреат атағына ие болды. (Әділ-қазылар алқасының төрағасы Ф. Ш.Мансуров)

2008 жылы Ақтөбе қаласына өткен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастырумен «Жұбанов көктемі-2008» фестивалінде  оркестр I-орын лауреат атағы және «Үздік дирижер» номинациясымен марапатталды.

2008-2009 жылы Ақтөбе облысы Әкімі сыйлығының иегері атанды.

2010 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестріне «Біліктілікті жоғарлау» практикалык курсын өтіп, ҚР Мәдениет Министрлігінен сертификатын алды.

2010 жылы  Ақтөбе қаласына өткен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастырумен «Жұбанов көктемі-2010» халық аспаптар оркестрлерінің және ансамбльдерінің  фестивалінде  «Арайлы Ақтөбе» фольклорлік ансамблі I-орын лауреат атағы ие болды.  (көркемдік жетекшісі Е.М.Кенжалиев)

2010 жылы Алматы қаласында Қазақтың Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің арнайы шақыруымен жеке концерт беріп, алғыс хатқа ие болды.

2011 жылдың наурыз айында Астана қаласында өткен ІІ- Халықаралық Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» атты дирижерлер байқауында ІІІ-дәрежелі орынға және Талдықорған қаласында өткен М. Төлебаев атындағы «Алтын таяқша» дирижерлар байқауының  І-дәрежелі орыны мен  лауреат атағына  ие болды.

2017 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Мәдениет және өнер қызметкерлер күні қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт  министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы Елбасы кітапxанасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы аясында өткізілген іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;

2019 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мерекелік  медалімен

2019 жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы «Nur Otan» партиясының алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі.

2021 жылы «Ақжол» демократиялық  партиясының  «Еңбегім еліме» құрмет белгісі медалі.