Құрметті Достар!
Көп күткен концертіміз болады!
2021 жылдың маусым айының 7-ші жұлдызында сағат 19-00-да, Алматы қаласының Абай атындағы Ұлттық Академиялық опера және балет театрының сахнасында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.
«Салтанат» ансамблінің жыл сайынғы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, шет ел мемлекеттерде жаңа бағдарламамен өтетін концерттері көрермендер алдында үлкен табысқа ие болады. Шетелдік көрермендер мен сыншылар: ««Салтанат» би ансамблінің концертін тамашалау – бөтен елге барып, оның халқымен танысумен бірдей» – деген баға берді. «Салтанаттың» өнері – «нағыз халықтық» өнері».
Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Азамат Асқаров, Арқат Әшірбек, Жәнел Тукеева, Ержан Сарманов, Раушан Кундукова, Ақжол Абибулла, Сұңкар Болат, Денис Витченко, Аида Ажмағамбетова, Милена Мазур, Елизавета Климашина, Лаура Үркінбаева, Абдұлғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Құралай Үкібаева т.б. өнерлерін көрсете отырып Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы Халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері – Ернұр Қарықболдың өнерін тамашалайсыздар.
Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.
Гүлсәуле Орумбаева – ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері:
« Абай атындағы Ұлттық Академиялық опера және балет театрының сахнасында мәжбүрлі үзілістен кейін бірінші концертіміз өтеді. Бұл концертті біз және біздің сүйікті көрермендеріміз көптен күткен едік. Алдағы концертті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30- жылдығына арнадық. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев айтқандай: «2021 жыл біздің Отанымыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен атап өтіледі. Бұл – өткелі кезеңнің айғағы және қорытыңды болып табылады.Біз бұл маңызды оқиғаны халқымыз үшін нақты істермен және жаңа жобалармен атап өтеміз».
Биылғы бірінші концертіміз, көрермендер сүйетін әлем ұлттарының таңқаларлық билеріне толы болады және көрермендерімізді жаңа қойылымдармен қуантамыз!»
Ағымдағы жылдың 15 наурызда болатын концертке сатып алынған билеттер жарамды болып саналады.
Театрға міндетті түрде Ashyq қосымша арқылы кіру.
Ashyq қосымшаны телефонға жүктеп алыңыздар.