Құрметті Достар!
28 ақпанда, сағат 19:00-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Лермонтов атындағы Ұлттық Академиялық орыс драма театрының сахнасында, «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.
Көрермендер: Азамат Асқаров, Арқат Әшірбек, Жәнел Тукеева, Айман Егисбаева, Бекмұрат Анарбаев, Денис Витченко, Аида Ажмағамбетова, Милена Мазур, Елизавета Климашина, Лаура Үркінбаева, Нәсиба Абдуллаева, Венера Фахретдинова, Құралай Үкібаева сынды т.б. артистердің өнерін тамашалай алады.
Сондай-ақ, биыл бас балетмейстер және көркемдік жетекші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері – Гүлсәуле Әбдіқадырқызы Орумбаеваның туғанына 70 жыл толып отыр.
Гүлсәуле Әбдіқадырқызы жиырма тоғыз жыл бойы осы ұжымды көркемдік жетекші ретінде басқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол ұжымның игілігі үшін аянбай еңбек етіп, жылдан жылға өнерпаздардың шеберлігін шыңдап, ансамбль репертуарын жаңа би қойылымдарымен байытып келеді. Ол өзінің бар білімімен, тәжірибесімен бөлісіп, біздің ансамблді әлемдік аренаға шығаруға бағыттады. Гүлсәуле Әбдіқадырқызының би өнеріне деген махаббаты мен тынымсыз еңбегінің арқасында ансамбль жоғары деңгейге көтерілген.
Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстарының Лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.
Осынау салтанатты іс – шараға орай, журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін концертке қуана шақыра отырып, қолдау көрсетулерін сұраймыз.
Ансамблдің баспасөз қызметі:
e-mail: press-service@ansamblsaltanat.kz