2019 жылы 3-ші маусым күні Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының сахнасында сағат19-00-де, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Жастар жылы аясында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.
Біз Сіздерді әлем халықтарының таңғажайып билерімен таныстырамыз. Біздің концертте Сіздер алғаш рет еврей жаңа қойылымын көре аласыздар және көпшіліктің сүйікті “Отан үшін”спектаклін тамашалайсыздар. Сахнадан артистеріміздің ғажап биін тамашалай отырып, әр халықтың керемет және үйлесімді костюмдерімен танысасыздар.
Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Ержан Сарманов, Раушан Құндықова, Сұңкар Болат, Құралай Үкібаева, Жұлдызай Үкібаева, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Анар Рысқұлова, Лаура Үркінбаева, Абдұлғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Денис Витченко, Аида Ажмағамбетова және тағыда басқалары өз өнерін көрсетеді және де Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы Халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері – Ернұр Қарықболдың өнерін тамашалайсыздар.
Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.
Гүлсәуле Орумбаева – ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялады. Сондай-ақ Үкіметке және жергілікті билік органдарына жастарды қолдауға бірқатар тапсырмалар берді. Біздің «Салтанат» би ансамблінде көп бөлігін жастар құрайды, сонымен қатар, жас бишілердін де атынан, Нұрсұлтан Әбішұлына жастарға ыңғайлы жағдайлар жасалып қолайлы қолдау бергені үшін алғысымызды білдіреміз».