2019 жылы 4 наурыз күні «Астана» Концерт залының сахнасында сағат19-00-де, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.
Біз Сіздерді әлем халықтарының таңғажайып билерімен таныстырамыз. Алғаш рет “Астана” Концерт залының сахнасында концертті “Би Думан” қазақ биі ашады, сондай-ақ “Отан үшін” спектаклімен жабылады.
Сахнадан, артистеріміздің ғажап биін, қуаныш, махаббат, қайғы және уайым сезімін тамашалай отырып, әр халықтың керемет және үйлесімді костюмдерімен танысасыздар.
Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Азамат Асқаров, Динара Кудабаева, Архат Әшірбек, Ержан Сарманов, Раушан Қундукова, Сұңкар Болат, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Лаура Үркінбаева, Ғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Денис Витченко және тағыда басқалары өз өнерін көрсетеді және де Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы IX-шы Халықаралық жеке би конкурсының Гран-При жүлдегері – Ернұр Қарықболдың өнерін тамашалайсыздар.
Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.
Гүлсәуле Орумбаева – ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері: «Салтанат» би ансамблі ұлттық фольлорлық хореография мұрасын ұқыптылықпен сақтап, құрметтейді, бірегей образдар тудыра отырып, халық биін дамыту мен байытуды жалғастырады. Бұл концертті біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Ұлы даланың Жеті қыры” атты мақаласын қолдау ретінде өткіземіз және қазақ халық биі арқылы біздің сүйікті көрермендер арасында жан-жақты насихаттау жүргіземіз».
Ансамблдің баспасөз- қызметшісі: Назгүл Какимова +7(701)651-11-29