«Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдық мерейтойлық концерті Астанада!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдық мерейтойлық концерті Астанада!

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қазақ би өнерінің шоқтығы биік ұжымдарының бірі  ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 70 жылдық мерейтойына арналған «Ел салтанаты» концертіне шақырады!

Өтетін күні: 30 қараша, сағат 19:00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры

Кеш барысында көрермендерге фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен қазақ халқының бай мәдениетін бейнелейтін ұлттық билер мен орыс, ұйғыр, корей, қытай, өзбек, болгар, татар, моңғол және т.б. халықтарының үздік хореографиялық қойылымдары ұсынылады.

Кеш қонақтары:

 «Құрмет» орденінің иегері, белгілі әнші Өмірқұл Айниязов;

Аңызға айналған «Гүлдер»  ансамблі;

«Бірлік» ән және би ансамблі;

«Наз» мемлекеттік би театры;

«Шалқыма» халықтық би ансамблі.

Кеш – көрерменге қуаныш пен рухани шабыт сыйлайтын, қайталанбайтын мәдени оқиға болмақ. Би өнерінің әсемдігі мен саф өнердің құдіретін тамашалауға асығыңыз!

Билеттер: Kino.kz сайтында.

Байланыс телефондары:

8 775 554 7963; 8 747 815 49 42

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдық мерейтойлық концерті Астанада!