
Төлеген Қуанышбек Серікұлы – көркемдік жетекші.
Төлеген Қуанышбек Серікұлы Қызылорда облысы Шиелі ауданында 1993 жылы 17 маусымда дүниеге келген.
2002-2007 ж.ж. Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы музыка мектебінде «Хореография» сыныбында оқыды;
2009-2012 ж.ж. Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін «Хореографиялық өнер», «Би ансамблінің әртісі» мамандығын тәмамдады.
2012-2017 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография»
факультетінің «Режиссер» мамандығын бітірді.
Марапаттары:
2009 жылы «Шабыт» халықаралық байқауының II дәрежелі лауреаты;
2013жылы «Трио де фестиваль» жас халық бишілері арасындағы халықаралық би байқауының гран-при иегері (Польша)
2015 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры стипендиясының иегері.
2012 жылы «Түрксой» халықаралық фестивалінің I дәрежелі лауреаты (Түркия)
2015, 2019, 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.