Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы – ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»
Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы - ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры
Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы

Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы 1976  жылы 1 қаңтарда Атырау облысы, Жылой ауданында дүниеге келген.

1991 жылы  Ақтөбе  облысы Мәртөк ауданының №2 қазақ мектеп-интернатын бітірді.

1991 жылы А.Жұбанов атындағы музыкалық училищесін тәмамдаған.

1998-2002 жж. Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын үздік дипломмен бітірді.

2011-2013ж. Қырғызстан Ұлттық Консерваториясының  «Дирижерлау» мамандығын тәмамдады.

2019 – 2021 жж.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті -«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолы:

1995 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданынындағы балалар музыка мектебінде қызмет атқарды.

1999 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына фольклорлық-этнографиялық «Сазген» ансамблінде  жемісті еңбек етті.

2002 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Қ.Жұбанов атындағы университеті «Музыкалық білім» кафедрасына жұмысқа қабылданды.

2003-2014 жж.  Ғ.Жұбанова атындағы  Ақтөбе облыстық филармониясы «Арайлы Ақтөбе»  оркестрінде еңбек етті.

2014-2022 жылдар аралығында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры қызметін абыроймен атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры қызметін атқарады.

Марапаттары:

2008-2009 жылы Ақтөбе облысы Әкімі сыйлығының иегері атанды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;

2019 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мерекелік  медалі;

2019 жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;

2021 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;

2021 жылы «Ақжол» демократиялық  партиясының  «Еңбегім еліме» құрмет белгісі медалі;

2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2023 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай арнайы медалімен марапатталды.