2018 жылдың 24 – 28 мамыр аралығында ҚР мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің ұжымы Ресей Федерациясының Ростов облысында гастрольде болды және Ростов-на-Дону, Вешенская станицасында өткен әйгілі жазушы, киносценарист, журналист, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты М.А.Шолоховтың 113 жылдығына өткізілген Бүкілресейлік «Шолохов көктемі» атты әдеби – фольклорлық фестивальге қатысты.
Мереке күндері елдің түкпір-түкпірінен Вешенская станицасына кәсіби ұжымдар, жазушылар мен ақындар, шолоховтанушы ғалымдар, кино және театр актерлері жиналады. Барлық сахналарда алыс – жақыннан келген өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді. Ұйымдастырылған алаңдарда бүкіл Ресей мен жақын шетелден фольклорлық ұжымдар өнер көрсетеді. Жергілікті халық қонақтарға казак ас үйінің тағамдарынан дәм таттырды. Көптеген суретшілер және қолөнер шеберлері өздерінің бұйымдары мен сувенирлерін ұсынады. Мерекенің шарықтау шегі – өткізілген гала –концерт болды, ол судың бетіне жасалған ерекше сахнада өтті және дәстүрлі от шашумен аяқталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі Ростов облысының Губернаторына, Ростов облысының мәдениет министрлігіне, сондай-ақ фестивальдің бүкіл ұйымдастыру комитетіне әйгілі жазушы, киносценарист, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты М.А.Шолоховтың 113 жылдығына арналған Бүкілресейлік «Шолохов көктемі» атты әдеби – фольклорлық фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және шақырғаны үшін үлкен алғысын білдіреді.
Сіздердің арқаңызда ансамбль әртістері фестивальға қатысып қана қоймай, ұлы жазушы Михаил Шолоховтың мұражайы мен шаруа мекеніне баруға мүмкіндік алды.
Жазушының қызы- Светлана Михайловнамен тікелей танысу және кездесу үлкен әсер қалдырды, ол өзінің жазушы отбасының басқыншылық жылдары қазақ жерінде болғаны, жазушының Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстан жеріне жиі барған сапарлары туралы естеліктерімен бөлісті.
Фестиваль барысында қонақтарға тілектестік және қамқоршылық ниет көрсетілді.