2019 жылы 21-ші қыркүйекте сағат 18-00-де, Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында, Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен, Ақтөбе қаласының Ахтанов атындағы облыстық драма театрының сахнасында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді.
Біз Сіздерді әлем халықтарының таңғажайып билерімен таныстырамыз. Алғаш рет театр сахнасында концертті жаңадан қойылған “Би Думан” қазақ биі ашады, сондай-ақ жаңадан қойылған еврей биі тамашаланады.
Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің балет артистері: Ержан Сарманов, Анар Рысқұлова, Раушан Қундукова, Сұңкар Болат, Ақжол Абибулла, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Аида Ажмагамбетова, Ғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Денис Витченко, Елена Климашина және тағыда басқалары өз өнерін көрсетеді.
Концерттің жүргізушілері:
- Халықаралық конкурстарының лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.
Гүлсәуле Орумбаева – ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері: «Салтанат» би ансамблі ұлттық фольлорлық хореография мұрасын ұқыптылықпен сақтап, құрметтейді, бірегей образдар тудыра отырып, халық биін дамыту мен байытуды жалғастырады. Бұл концертті біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Ұлы даланың Жеті қыры” мақаласын қолдау мақсатымен өткіземіз және қазақ халық биі арқылы жан-жақты насихаттау жүргіземіз».
Осыған байланысты, ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің басшылығы Сіздерді 2019 жылдың 21-ші қыркүйек күні сағат 18.00 Ақтөбе қаласының Ахтанов атындағы облыстық драма театрының сахнасында өтетін концертімізге шақыра отырып, осы концертке информациялық қолдауыңыздарды сұрайды.
Баспасөз – хатшы: Назгүл Какимова +7(701)651-11-29