2018 жылдың сәуір айының 2 – 10 аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі Ақмола облысында гастрольдік іссапарын өткізді. Аталмыш гастрольдік іссапар Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізілді.
Ансамблдің артистерін Макинск, Степняк, Жасыл жар, Щучинск, Балкашино, Қызыл жар, Станциялық, Еленовка, Викторовка, Зеренды және Көкшетау қаласының тұрғындары ыстық ықыласпен және ашық жарқын көңілдерімен қарсы алды. Шатқалы жатқан мекен жайларға келіп, өнерлерін елге паш еткендері үшін халық рахметтерін айтып ризашылығын білдірді. Ансамбль әкімшілігі және артистер халықтың ыстық зор ықыластарымен қарсы алғандарына риза болды.