Қазақстан Республикасының Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблі, еліміздің алыс-жақын елді мекендерінде, көрермендеріне өнерін паш етіп халықты тәнтті етіп жатыр. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент Күніне орай Қызылорда қаласындағы Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыка-драма театрының сахнасында мерекелік бағдарламамен концертін өткізді.
Осы шараның аясында Асқар Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет Сарайында және Қармақшы ауылы Жосалы кентінде, Атырау қаласында Махамбет атындағы Драма театрының сахнасында да концерттік бағдарламалар өткізді. Ансамбльдің ұжымы Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының халқының ризашылығына бөленіп көп оңтайлы әсер алып қайтты.