2019 ж. мамыр айының 12-ші жұлдызында Әлішер Науаи ат. Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрынің сахнасында ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблінің концерті өтті. “Салтанат” би ансамблі Елбасы, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын қолдау мақсатымен өткізді. Концерттің бағдарламасында қазақ ұлттық билері және әлем халықтарының билері тамашаланды.
Өзбекістан Республикасының Мәдениет Министрі Бахтиер Сайфуллаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және “Салтанат” би ансамблінің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері Гүлсәуле Орумбаеваға, Өзбекістандағы Қазақстан жылы аясында өткізілген үлкен шығармашылық концертіне алғысын білдірді.
Өзбекістан Республикасының Мәдениет министрі ансамблдің басшылығын құттықтай отырып балет артистердің шеберліктеріне жоғары баға беріп, бас балетмейстердің кәсібилігін жеке атап өтті.