Екі ел арасындағы достық нығая түспек
ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Душанбе (Тәжікстан) қаласында өткен «Би бізді біріктіреді» атты халықаралық би фестивалінде өнер көрсетті. Аталған шарада елдердің ең үздік би ұжымдары қатысты. Атап айтқанда, Н.С.Надеждина атындағы мемлекеттік академиялық хороеографиялық «Берёзка» ансамблі (Ресей), М.Тургунбаева атындағы мемлекеттік «Бахор» би ансамблі (Өзбекстан), Молдова елінің «Флуераш» ән-би ансамблі, Тәжікстан мемлекеттік «Зебо» би ансамблі.
Фестивальге келген ұжымның басшылары Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі М.А.Сатториенмен кездесті. Фестивальде белсене атсалысып, үздік өнер көрсеткені үшін ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі арнайы марапатталды. Ансамбль басшысы Е.Кенжалиевке диплом табысталды.
Фестивальдің басты мақсаты – кәсіби тәжірибе алмасу, екі ел арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайту. Бұл айтулы шара ұлт пен этнос арасындағы достықты, махаббат пен мейірімділікті, бірлік пен татулықты насихаттай алды.
https://www.instagram.com/p/DDHVInbIwkx/?locale=ru&img_index=1