Қазақ халқының дәстүрі «Кастамону-2018» сахнасында.
Түріктің Кастамону қаласында “Кастамону – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылдың жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға түркі тілдес елдерден шығармашылық ұжымдар қатысты. Жабылу рәсімінде Қазақстанның әншісі @ayree_official, ұлы Абайдың “Желсіз түнде жарық-ай” атты туындысын орындап ұсынды. Әншіге сахнада би сүйемелдеуін ұйымдастырған Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблі болған. Осы орындауда қазақ халқының салт-дәстүрі мен қазіргі заманауи өнері бір-бірімен үндестікте болды, бұл тандем ерекше әсерлі орындау болып көрінді.