Сыйлық туралы
Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai ұлттық сыйлығы шығармашылық ұжымдар, жекелеген орындаушылар мен отандық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамыту мен дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бекітілген.
Қанша номинация
4 номинацияда 19 сыйлық бекітілген: «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» және Қазақстандағы Балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» 2022 жылдағы Umai сыйлығының Арнайы жүлдесі.
Сыйлықтардың толық тізімімен 1-қосымшада таныса аласыз.
Кім Сыйлықтың Номинанты-ізденушісі бола алады
Сыйлықты алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шығармашылық ұжымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, сондай-ақ қызметтері инновациялық болып табылатын әрі Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға ықпал ететін үміткерлер талаптана алады.
Конкурсқа қай кезеңнің жұмыстарымен қатысуға болады
Сыйлық 2022 жылы Қазақстанның шығармашылық ұжымдарына және жекелеген қайраткерлеріне екі театрлық / концерттік / көркемдік маусымдардағы (2020 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылғы шілде аралығындағы) спектакльдер / концерттер / шығармашылық жобалар / өнер туындылары үшін табысталады.
Кім Сыйлыққа Номинанттарды ұсына алады
Сыйлыққа Номинантты ұсынуды:
– республикалық, өңірлік немесе жергілікті билік органдары;
– мәдениет ұйымдары (мәдениет ұйымы көркемдік кеңесінің шешімі негізінде);
– үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық одақтар мен қауымдастықтар (ұйым Кеңесінің шешімі негізінде);
– мәдениет пен өнер саласындағы оқу орындары (Ғылыми кеңес шешімі негізінде) және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге ұйымдар (бұдан әрі – ұсынушы ұйымдар) жүзеге асыра алады.
Конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі
Номинанттардың өтінімдері электронды түрде қабылданады (UmaiAstanaOpera@gmail.com ), 5 жұмыс күні ішінде Ұйымдастыру комитеті құжаттардың жинынтықтылығын тексереді, одан кейін Номинанттың материалдары танысу үшін Сараптау комиссиясының мүшелеріне жіберіледі.
Номинанттардың жұмыстарын құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері енген Сараптау комиссиясының 12 мүшесі (әрбір төрт номинацияда 3 тәуелсіз сарапшыдан) бағалайды.
12 желтоқсанға дейін Сараптау комиссиясы алқалық түрде Конкурстың Финалистерін анықтайды (әр номинацияда 1-ден 4-ке дейін Финалист). Финалистер хабарлама алады және Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сыйлықты марапаттау рәсіміне шақырылады.
23 желтоқсанда «Астана Операда» өтетін марапаттау рәсімінде Umai Сыйлығының Лауреаттары жарияланады.
Номинант құжаттарды қалай тапсырады
Номинанттардың өтінімдері 2022 жылғы 25 тамыздан бастап 9 желтоқсанды қоса аралықта UmaiAstanaOpera@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.
Номинанттарға арналған құжаттар мен материалдар тізбесі
1. Номинанттың – конкурсқа қатысушының / Сыйлық алуға ізденушінің өтінімі 2-қосымшада. Конкурсқа қатысуға өтінімді толтырып, басып шығару және қол қою қажет. Қол қойылған өтінімнің сканерленген нұсқасы қабылданады.
2. Сыйлық алуға ізденушілер үшін растайтын құжаттар тізбеге сәйкес сканерленген түрлі-түсті көшірмелер түрінде ұсынылады.
Сыйлық Номинанттары-ізденушілері үшін құжаттар тізбесі
1) Ізденушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) нысан бойынша тіркеу өтінімі (жоғарыдағы кестеде);
3) қолдаухат немесе Сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама (жұмыс, оқу орнынан, шығармашылық қайраткерлер одағынан және т.б);
4) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмелері (болған жағдайда);
5) Номинанттың немесе Номинант туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) үміткердің жетістіктерін растайтын өзге де материалдар (болған жағдайда);
7) банк шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі.
3. Номинанттың жұмыс материалдары – кез келген электрондық тасығышта (CD / DVD дискілерге жазылған жағдайда-3 данада), файлдар арқылы поштаға, сілтемемен онлайн бұлтқа немесе youtube желісінде ұсынылады. Келесі материалдар ұсынылуы мүмкін:
– спектакльдің / концерттің / хореографиялық нөмірдің / перформативті өнер туындысының толық бейнежазбасы. Опера және музыкалық-драма театрының орындаушылары үшін номинацияланатын партиядан ең үздік үзіндінің аудиожазбасын ұсынуға болады (1 минуттан артық емес).
– спектакльдің (орындаушылар, қойылым тобы, спектакль премьерасының күні көрсетілген) / концерттің / перформанстың афишасы, бағдарламасы, қысқаша сипаттамасы.
– драмалық рөлдегі / опералық немесе балет партиясындағы әртістің фотосуреті, спектакльдегі әртістің ірі өлшемдегі бейне кескіні немесе нақты рөлдегі / партиядағы әртіс туралы («Опера өнері», «Актерлік шеберлік», «Үздік режиссура», «Балеттегі үздік орындаушы», «Үздік дәстүрлі орындаушы» сыйлықтарына номинациялар үшін) қысқа фильм-презентация (2 минуттан артық емес).
– түрлі-түстегі фотосуреттер (көлемді жұмыстар үшін мүмкіндігінше бірнеше ракурстан), бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының сипаттамасы: өлшемдері, материалы, өндіріс техникасы, шығарманың көркемдік тұжырымдамасы көрсетілген бейнежазба.
– костюмдер мен декорациялардың үлгілері және / немесе фотосуреттері, костюмдер мен декорациялардағы спектакльдің бейнежазбасы, көркемдік идеяның қысқаша сипаттамасы, спектакльдегі костюмдердің / декорациялардың сахналық міндеттері.
Конкуртық өтінімдерді қайда жіберу қажет
Номинанттардың барлық құжаттары Сыйлықты Ұйымдастыру комитетінің бірыңғай электронды поштасы UmaiAstanaOpera@gmail.com арқылыұсынылады.
Хат тақырыбында Номинация атауын міндетті түрде белгілеу қажет.
Мысалы: А. Серіков «Театр өнері» «Үздік режиссура» сыйлығы
Сыйлық бойынша қосымша ақпарат алуға болады:
Ұйымдастыру комитеті – Ежкова Екатерина Сергеевна:
+7 7172 709 628, +7 701 360 20 19
«Театр өнері» номинациясы бойынша – Әли Ақерке Қанатбайқызы:
+7 7172 709 588, +7 747 348 24 35
«Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша – Мәулетова Сәуле Асқарқызы: +7 7172 709 597, +7 701 870 20 68
«Музыкалық-орындаушылық өнер» номинациясы бойынша – Садуев Бексұлтан Ермекұлы: +7 7172 709 597, +7 701 771 33 96
«Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша – Абдуғалиев Бейбарыс Елубайұлы: +7 7172 709 628, +7 775 332 81 97
1-қосымша
№ | Umai ұлттық сыйлығының номинациялары мен сыйлықтарының атаулары | Сыйлықтар саны |
1. | «Театр өнері» номинациясында 7 сыйлық тағайындалды: | |
1.1 | «Опера өнері» сыйлығы – операдағы ерлер партиясын үздік орындау – операдағы әйел партиясын үздік орындау | 1 1 |
1.2 | «Актерлік шеберлік» сыйлығы драмалық / музыкалық-драмалық спектакльдегі (оперетта / мюзикл / рок-опера / музыкалық комедия) – үздік ер адам рөлі – үздік әйел адам рөлі | 1 1 |
1.4 | «Үздік режиссура» сыйлығы – опералық / драмалық / музыкалық-драмалық спектакльдің (оперетта / мюзикл / рок-опера / музыкалық комедия) режиссеріне | 1 |
1.5 | «Спектакльдің үздік көркемдік безендірілуі» сыйлығы – суретші-сценографқа / костюмдер бойынша суретшіге | 1 |
1.6 | «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» сыйлығы (шығармашылық ұжымға) – опералық / драмалық / музыкалық-драмалық (оперетта/ мюзикл/ рок-опера / музыкалық комедия) | 1 |
2. | «Хореографиялық өнер» номинациясында тағайындалған сыйлықтар: | |
2.1 | «Үздік би ұжымы» сыйлығы(би ансамблі: халықтық, заманауи, эстрадалық билер) | 1 |
2.2 | «Балеттегі үздік орындаушы» сыйлығы – балет солисі (әйел адам) – балет солисі (ер адам) | 1 1 |
2.3 | «Үздік хореограф» сыйлығы (спектакль, хореографиялық / би нөмірін қойғаны үшін) | 1 |
2.4 | «Үздік балет спектаклі» сыйлығы (шығармашылық ұжымға) | 1 |
3. | «Музыкалық-орындаушылық өнер» номинациясында тағайындалған сыйлықтар: | |
3.1 | «Үздік дәстүрлі орындаушы» сыйлығы (ән айту) «Үздік дәстүрлі орындаушы» сыйлығы (аспапшы) «Үздік музыкалық ансамбль» сыйлығы (классикалық / халық) | 1 1 1 |
4. | «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясында тағайындалған сыйлықтар: | |
4.1 | «Үздік сәндік-қолданбалы өнер туындысы» сыйлығы(шебер-қолөнершіге) | 1 |
4.2 | «Көркем суретшінің / графикалық суретшінің үздік жұмысы» сыйлығы «Заманауи өнердегі үздік жоба» сыйлығы (перформанстар, инсталляциялар, арт-нысандар және т. б.) | 1 1 |
5. | Арнайы жүлде | |
5.1 | «Үздік балалар спектаклі үшін» | 1 |
Барлығы: | 19 |
2-қосымша
Номинанттың өтінімі*
Тегі | |
Аты | |
Әкесінің аты (болған кезде) | |
Номинантты ұсынған мәдениет ұйымының атауы | |
Санаттың, Номинацияның және Сыйлықтың атауы | |
Білімі (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы – болған кезде) | |
Атақтары, конкурстарда лауреат атануы, басқа да сыйлықтары | |
Ағымдағы қызметі (жұмыс орны, лауазымы) | |
Мәдениет және өнер саласындағы жұмыс өтілі | |
Байланыс телефоны | |
_________________________________________________________
(қолыь) (ТАӘ)
2022 жылғы “___” ____________________.
* Материалдарды жібере отырып, қатысушылар осы ақпараттық хатта көрсетілген талаптармен келіседі және деректерді өңдеуге құқығын береді.