ҚҰРМЕТ ДЕМАЛЫСЫ
Бүгін ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ұжымы мен директоры Елубай Кенжалиев бас әкімші Нұрбота Мерекебайқызын ансамбльдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен естелік сыйлықтарын табыстап, ақ тілегін арнап, құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Талайды таңдай қаққызған “Салтанат” би ансамблі халықтың рухани байлығын дамытып, өскелең ұрпаққа ғажайып би өнері арқылы эстетикалық тәрбие беріп, көрерменің көзайымына айналды. Осы жолда Нұрбота Мерекебайқызының еңбегі зор. Гастрольдік сапарлармен Түркия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Ұлыбритания, Маскат, Ресей, Қытай, Өзбекстан елдеріне барып, қазақ және әлем халықтарының өнерін, тарихын, бейнесін, дәстүрін кеңінен насихаттап, өнер жолында қайталанбас қолтаңбасын қалдырды.
17 жылдан аса ансамбльде абыроймен атқарған адал еңбегі мен қызметі – ұжымға үлгі болары сөзсіз. Нұрбота Мерекебайқызына зор денсаулық, отбасына береке, бақытқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз! Бейнетіңіздің зейнетін көріңіз.
Құрметпен, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ұжымы.
https://www.instagram.com/p/DTQQSqBCJR9/

