ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін елордамыз Астана қаласында Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Президент, ең алдымен, салтанатты шараға жиналғандарды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.

Шарада ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің труппа жетекшісі Нгимова Ақжан Аяпбергенқызы «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Марапатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды.

70 жылдық тарихы бар “Салтанат” би ансамблі халықтың рухани байлығын дамытып, өскелең ұрпаққа ғажайып би өнері арқылы эстетикалық тәрбие беріп, көрерменің көзайымына айналды. Осы жолда Ақжан Аяпбергенқызының еңбегі зор. Қазақ және әлем халықтарының би өнерін, тарихын, дәстүрін кеңінен насихаттап, еліміздің мәдениетіне елеулі үлес қосып келеді.

Айта кетейік, Ақжан Нгимова 1996 жылы 9 қазан күні ансамбльге балет артисі ретінде жұмысқа қабылданып, 2012 жылдың 3 қыркүйегінен бастап труппа жетекшісі қызметіне ауыстырылды. 2019 жылы ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ақжан Аяпбергенқызын «Ерен еңбегі үшін» медалімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан мәртебеңіз биік, жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы болсын.