ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ!

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ұжымы қайырымдылық күніне орай Алматы қаласында тұратын көмекке мұқтаж көпбалалалы анаға азық-түлік апарып, ақшалай көмек көрсетті. Көпбалалалы ана алғысын білдірді!

Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» деп күллі адам баласын мейірбандылыққа шақырады.

Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірді. Мысалы, ықылым заманнан бері ішер ас, мініс көлікке зар болған мұқтажға ауылдас ағайын жылу жинап, көмек береді. Айтып келмейтін апатқа душар болғандарға мал, киім, тіпті ыдыс-аяққа дейін түгендеп, үй-жай беріледі. Жанашырлық пен мейірімділіктің мұндай мысалдары жетерлік. Сондықтан “Қайырымдылық” күнінің тақырыбы қоғамда кеңінен таралуы тиіс құндылықтармен тығыз байланысты.

         Ресми түрде Наурызнаманың бір күнін осы тақырыпқа арнау – жақсылық жасауға үгіттейді.

Бұл игі шара алдағы уақытта жалғасын таппақ.

https://www.instagram.com/p/DHNgRFbNsAq/?hl=ru

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ!