Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл!
Бүгін – барша қазақстандықтар үшін айрықша тарихи күн. Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1995 жылдың 30 тамызында халқымыз еліміздің Негізгі заңын – Конституцияны бүкілхалықтық референдумда қабылдады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына бағыт берген, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін басты құжат.
Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылық пен бейбітшіліктің, әділет пен заң үстемдігінің кепілі. Біздің болашағымыздың берік іргетасы, мемлекеттігіміздің нышаны.
Осы мерейлі мерекеде баршаңызға амандық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға береке, зор табыс тілейміз!
Ата заңға деген сенім мен құрмет – мықты мемлекет кепілі! Конституция күні құтты болсын!
