ҚР «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 70 ЖЫЛ
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры Елубай Кенжалиевтың қатысуымен брифинг өтті. Мемлекет басшысының еліміздің мәдениеті мен өнерін өркендету тапсырмасын орындау, сондай-ақ 2025 жылға арналған мәдени жоспарларды іске асыру бойынша ансамбль басшысы кеңінен баяндап берді.
– «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қасым -Жомарт Тоқаев: «Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз.
– Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады» деген. Біздің мақсатымыз жастарымыздың бойындағы мәдениетті қалыптастыру бағытында жас ұрпақты руханият нәрімен суындатып, ұлттық мәдениеттің мәйегін ұсыну. Осы жолда аянбай қызмет етеміз. Би өнері арқылы рухани азық сыйлап, қазақ би өнерінің өркендеуіне үлес қосып келеміз – деді Елубай Кенжалиев.
– Баспасөз конференциясында аты аңызға айналған ансамбльдің 70 жылдық мерейтойына арналған бірқатар маңызды шаралар айтылды.
«2025 жылға Мәдениет және ақпарат министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес, 70 жылдық мерейтойға орай өңірлерде гастрольдік іс-сапарлар жоспарланып отыр» – деді директор.
– Елубай Кенжалиев Мерейтой қарсаңында тамыры терең ансамбльдің өнері мен дара жолын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен көрсету керектігін тілге тиек етті.
«Би өнерін насихаттау мақсатында Республикалық телеарналарға «Би өнердің ордасы» атты деректі фильм түсіруге өтініш білдіріп және Республикалық музей мен кітапханаларда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің фото көрмелерін өткізетінін жеткізді. Қараша айында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдық мерейтойына арналған қорытынды гала-концерт өтеді» – деді ансамбль директоры.
https://www.instagram.com/p/DHwPM2oI8C1/?hl=ru&img_index=1

