ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 2025 жылға қорытынды жиналысы өтті.
Жиынға ансамбль басшылығы, әкімшілік қызметкерлері мен балет артистері, фольклорлық ансамбль қатысып, ұжымның бір жылдағы атқарған жұмысы сараланды.
Кездесу барысында 2026 жылға арналған шығармашылық және ұйымдастырушылық жоспарлар таныстырылып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, келесі жылы өтетін кезекті аттестациялық бағалау туралы ақпарат беріліп, оның ұжым үшін маңыздылығы атап өтілді.
Аттестация – ансамбльдің кәсіби деңгейін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мәдениет пен өнер саласындағы сапаны жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды кезең екені айтылды.
Бұл жөнінде заңгер Тахмина Сарбасова толық түсіндірме беріп, аттестацияның тәртібі, кезеңдері мен талаптарына жеке-жеке тоқталды.
Жиын соңында ансамбль басшылығы ұжымға алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп, жылды қорытындылады.
https://www.instagram.com/reel/DSo_NpoiNYq/?igsh=anV3bGdwbXQ4azB0

